«Талдықорғанжылусервис» КК экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 7 млн теңге төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Талдықорғанжылусервис» КК экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 7 млн теңге төлейді

«Талдықорғанжылусервис» КК экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 7 млн теңге төлейді

Алматы облысы табиғатты қорғау прокуратурасы мемлекеттік орган қызметкерлерін тарта отырып,  

  • 7 Шiлде 2015
  • 1366
Фото - Caravan.kz

«Талдықорғанжылусервис» МКК қызметіне ҚР экология заңнамасын қолдануы тұрғысынан тексеру жүргізді.

Тексеру барысында кәсіпорын ҚР Экология кодексінің 69-бабының талаптарын бұзып, осы жылдан бастап қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз өз қызметін жүзеге асырған. Яғни, оның стационарлық рұқсат мерзімі өткен жылдың соңында аяқталған.

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін прокурорлық қадағалау актісінің негізінде кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 7 641 678 теңге келтірілген шығын есебін төледі.