Талғар өзенінде селфи жасамақ болған Ресей азаматы суға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талғар өзенінде селфи жасамақ болған Ресей азаматы суға кетті

Талғар өзенінде селфи жасамақ болған Ресей азаматы суға кетті

Талғар өзенінің түнгі әсем табиғат аясында суретке түспек болған 1980 жылы туылған Ресей азаматы абайсызда өзенге құлап кетті, деп хабар

  • 7 Маусым 2017
  • 288
Фото - Caravan.kz

Талғар өзенінің түнгі әсем табиғат аясында суретке түспек болған 1980 жылы туылған Ресей азаматы абайсызда өзенге құлап кетті, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР РЖҚЖ ТЖК ІІМ мәліметіне қарағанда мінсіз сурет түсіргісі келген ер адам, аяғы тайып, өзенге құлаған. Жедел құтқару жасағы оқиға орнына жылдам аттанды. Алайда қараңғы болғандықтан іздестіру жұмыстарын жарық түскенге дейін тоқтатуға тура келді. Ертеңгісін суға кеткеннің мәйітін селден құтқару бөгетінің күзетшісі тауып алған.


Ол уақытта оқиға орнына жеткен РЖҚЖ құтқарушылары мәйітті өзеннен шығарып Талғар ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырды. Құтқарушылардың ақпаратты бойынша , қайтыс болған азамат туған-туыстарына демалысқа келген.

Соңғы жаңалықтар