Талғат Теменовтің Баянға ғашық болғаны рас па?: Кинорежиссер шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талғат Теменовтің Баянға ғашық болғаны рас па?: Кинорежиссер шындықты айтты

Талғат Теменовтің Баянға ғашық болғаны рас па?: Кинорежиссер шындықты айтты

Белгілі режиссер, кинодраматург Талғат Теменов "Махаббат бекеті" фильмінде басты рөлді сомдаған Баян Алагөзоваға қатысты ойын айтты. 

  • 21 Желтоқсан 2023
  • 234
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы Adal adam YouTube арнасына берген сұхбатында әңгімелеп берді, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы. 

Журналист ""Талғат Теменов өзінің кейіпкеріне, Гүлназға (яғни Баянға) ғашық болды" дейді. Осы сөздің жаны бар ма?" деген сауалын қояды.

"Мен повесті 1977 жылы жаздым. Өкінішке орай кітап аз тиражбен шықты. 1000 тираждай ма?! Алайда осыдан 4-5 жыл бұрын ғой деймін. Түнде бір қыз қоңырау шалып, жылады. "Талғат аға мен бұрын повесті  естігеніммен оқымаған екенмін. Оқып алып, жанымды қоярға жер таппай отырмын. Мұншама сұлу дүниені қалай жаздыңыз" деді. Яғни повесте осындай таза махаббат болмаған болса, ол кино болмас еді. Қай фильм болса да киноның негізгі өзегі оның сценарийіне байланысты", — деп жауап берген режиссер. 

Осыдан кейін журналисттің "Баян сіздің шәкіртіңіз. Сіз үшін оның қай қасиеті құрметке лайық?" деген сауалына:

"Жалпы біздің қазіргі қоғам тұрмыстық қиналыстан туған ызасын шығара алмай, анадан-мынадан іздейді. Баянды көріп отырып қызғанатындар, сөз қылатындар жетеді. Бүгінгі руханиятта Баян өзін дәлелдеген қазақ қыздарының бірі. Баян секілді қыздардың жақсы жағын  үлгі етуіміз керек", дейді Талғат Теменов.  

Соңғы жаңалықтар