Тәліптер келемеж суреттерді айыптап, "Шарли Эбдоға" жасалған шабуылды мақұлдап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәліптер келемеж суреттерді айыптап, "Шарли Эбдоға" жасалған шабуылды мақұлдап отыр

Тәліптер келемеж суреттерді айыптап, "Шарли Эбдоға" жасалған шабуылды мақұлдап отыр

 Бейсенбіде “Тәлібан” ауған қозғалысы Францияда жарық көрген Мұхаммед пайғамбарға қатысты жаңадан салынған келемеж суреттерді айыптап,

  • 15 Қаңтар 2015
  • 301
Фото - Caravan.kz


сатиралық "Шарли Эбдо" журналына исламшылардың жасаған шабуылдарын мақұлдады, деп хабарлады бейсенбіде еуропалық БАҚ.
"Адам төзгіссіз ондай іс-қимылдарды айыптаймыз, оны жасағандарды, қолдағандарды адамзаттың дұшпаны ретінде санаймыз”, делінген тәліптердің мәлімдемесінде.
Олардың пікірінше, 7-қаңтар күні редакцияда қан төккізген ағайынды Куашилер мазақ актіні жасағандарды жауапқа тартқан.
Сәрсенбіде Франция президенті Франсуа Олланд "Шарли Эбдо" өлген жоқ, деп мәлімдеді, алдында журналдың кезекті саны аз ғана уақыт ішінде сатылып кеткен болатын.
7 қаңтардағы теракті кезінде 12 адам қаза болды, оның 8 — журналис. 11 адам жарақат алды. Террористер, ағайынды Куашилер 9-қаңтар күні өлтірілді.