Жарияланды: 110

Тамағы өмірге қауіпті елдер – Қазақстан жайлы дерек адам шошырлық

Тамағы өмірге қауіпті елдер – Қазақстан жайлы дерек адам шошырлық

Тамақтан болатын өлім-жітімнің ең жоғарғы көрсеткіші ТМД елдерінде тіркелді. Бұрын КСРО құрамында болған республикалар рейтингте алғашқы орындарды иеленді.

Сарапшылар қай елдерде дұрыс тамақтанбау салдарынан өлім-жітім көбейгенін анықтады. Бұл анти-рейтингті Қазақстан тоғызыншы орыннан көрінді. 

Daily Mail агенттігінің хабарлауынша, Йенадағы (Германия) Фридрих Шиллер атындағы университеттің ғалымдары 1990 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, едәуір қауіпті тамақтанатын адамдар ТМД елдерінде екені анықталды.

Тізімдегі бірінші орында оңтүстіктегі көршіміз Өзбекстан тұр –республикада 100 мың адамға шаққанда 394 адам дұрыс тамақтанбаудың құрбаны болған. Екінші орынды Түрікменстан иеленді, онда 376 адам қайтыс болған. Үшінші орында – Қырғызстан (350 адам дұрыс тамақтанбағаннан көз жұмған).

Одан кейінгі орындарға Украина, Молдова, Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан және Қазақстан орналасты.

Ресей алғашқы ондықты түйіндеді, мұнда 100 мың адамға шаққанда 291 адам өлген.

Батыс Еуропада ең нашар жағдай Германияда тіркелген. Сарапшылардың пікірінше, ең дұрыс тамақтанатын адамдар Испания мен Израильде тұрады. 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін