Тамара Дүйсенова қоғамдық кеңес алдында есеп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тамара Дүйсенова қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Тамара Дүйсенова қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Министрлік жанындағы қоғамдық кеңестің есеп беру кездесуі өтті.

  • 14 Маусым 2017
  • 297
Фото - Caravan.kz

 Оның барысында министр өткен жылы атқарылған жұмыс мен алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды, деп хабарлайды BNews.kz.

Өткен жылы Жұмыспен қамту бағдарламасына 198 мыңнан астам қазақстандық қатысып, оның 170 мыңдайы тұрақты жұмысқа орналастырылса, 28 мыңы уақытша еңбекпен қамтылды. 7,3 мың адам кәсіби оқуды меңгеріп, 10 мың адам өз ісін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік алды. Осы ретте қосымша 8,8 мыңнан астам жұмыс орны пайда болды. 5,7 мың іске асырылған инфрақұрылымдық жоба кезінде 41 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылып, экономикалық әлеуеті жоғары елдімекендерге 1 мыңнан артық адам көшірілді.

Жергілікті жерлерде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары жалғасын тауып, соның арқасында 2016 жылы 474 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылды.

"Болашақ бағындырар басты белестердің бірі — Қазақстан экономикасын білікті әрі бәсекеге қабілетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету болып саналады. Бұл стратегиялық қадамдар аясындағы негізгі бағыттардың қатарында жұмыссыз және өзін жұмыспен қамтыған азаматтарға тегін кәсіп алуға мүмкіндік туғызатын оқыту мәселесіне ерекше назар аударылады. Осылайша, біз, ұзақ мерзімде орнықты даму, қысқа уақыт аралығында қазірдің өзінде жұмыссыздық деңгейін қысқарту сынды бірнеше түйткілдің күрмеуін тарқатамыз", — деп атап өтті ведомство басшысы.

Осы орайда, ағымдағы 2017 жылдың қыркүйек айында 21 мың қазақстандық азамат, шәкіртақы төлеу мен біржолғы ыстық тамақпен қамтуды қосқанда, 2,5 жылға колледждердегі тегін оқуға жіберілмек. Сондай-ақ, қала сыртынан қатынайтындарға жол мен тұру шығынын жабуға да қаржылай көмек ұсынылатыны жоспарланып отыр. Тағы 26 мың адам қысқа мерзімдегі курстарда көкжиегін кеңейтпек. 5 өңірде пилоттық тәртіпте (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстары) шалғай елдімекендерде тұрып жатқан жандарды оқыту үшін мобильді оқу орталықтары қолданылмақ.

Оқу шараларынан тыс, еңбек министрлігі өзін жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарға шағын несиелеуді қолжетімді етіп, кәсіпкерлік негіздеріне үйретпек. Сонымен қатар, жекелеген азаматтар санатын жұмысқа орналастыруда атаулы қолдау жағы күшейіп, еңбек ресурстарының ұтқырлығы көтерілмек және еңбек нарығының инфрақұрылымы кең қанат жаятыны күтілуде.


Бүгінгі таңда уақытша мемлекеттік қолдаудың сан алуан сипаттарымен 77 мың адам қамтылған. Мәселен Қазақстанның солтүстік облыстарына қоныс аударған 672 отбасыға (2019 адам) еңбек ресурстарының ұтымдылығын арттыру бағдарламасы бойынша көш, баспана жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу мақсаттарына субсидия қарастырылған. Барлық бос жұмыс орындары мен елді мекендерді қамтитын электрондық еңбек биржасы түріндегі біртұтас онлайн-алаң  биыл күз айларында іске қосылады.

Электрондық еңбек биржасы бірыңғай әлеуметтік-еңбек саласы жүйесін, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін, жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерінің, интернет порталдардың деректер қорын өзіне шоғырландырмақ.

Есептік кездесуде әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Бұл ретте 6 мыңнан астам адам арнаулы әлеуметтік қызметке ие болып, 626 бала интернат-үйлерден отбасыларына оралды және тиісті ерекше балалардың аналары еңбекпен қамтылды. 

Соңғы жаңалықтар