Жарияланды: 550

Тамыз айының соңында немесе қыркүйек айының басында Мойнақ су электр станциясының бөгенінің құрылысы аяқталады

Алматы. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Тамыз айының соңында немесе қыркүйек айының басында Мойнақ су электр станциясының бөгенінің құрылысы аяқталады. Бұл туралы кеше ҚР энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов бастаған ведомствоаралық жұмыс тобының көшпелі отырысының барысында "Мойнақ СЭС" АҚ бас директорының бірінші орынбасары әрі бас инженері Қалау Баймұханбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін"

агенттігінің тілшісі. "Мойнақ СЭС бойынша жұмыстар осыдан екі жыл бұрын "Мойнақ СЭС" АҚ құрылған кезде Бастөбе су қоймасындағы бөгеннен бастау алған. Бөген 1731 метрге дейін ұлғайтылды. Бұл оның толық биіктігінің шамамен 60 пайызын құрайды. Қазіргі таңда бөген ең жоғарғы шекке дейін көтерілгенін көруге болады. 1 - 1,5 метр ғана қалды. Тамыз айының аяғында немесе қыркүйек айының басында жұмыстар 100 пайызға орындалады", - деп хабарлады Қ. Баймұханбетов. Оның айтуынша, осыдан кейін Шарын өзенінің аңғарын тазартуға дайындық жұмыстары басталады. Ол келер жылы суқоймасына орын дайындау үшін қажет. "Келер жылы бөгеннің сүзгілік және басқа да бөлшектерінің гидротехникалық мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде сынап көру үшін су қоймасын сынақ ретінде суға толтырамыз", - деп түсіндірді Қ. Баймұханбетов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін