Қазақстан намысын «Музарт», «Нұр-Мұқасан», «Ринго» топтары мен Нұржан Керменбаев, Ғаділбек Жаңай сынды әнші жігіттер қорғамақшы. Ал қарсылас команда құрамында Влад Топалов, Пьер Нарцисс, Иракли, Марат Башаров сынды танымал әртістер өнер көрсетеді. Жұлдызды жекпек-жек 4-ші мамыр күні сағат 18:00-де Алматының орталық стадионында өтеді. Тартысты кездесуден соң әншілер бірігіп, үлкен концерт бермек.
Аян Бірбаев, «Rin`Go» тобының әншісі:
— Бізді қолдауыңызды сұраймыз. Өйткені, халық келіп қолдаған кезде, біз қаншалықты шаршап тұрсақ та, қолдауды сезінген кезде күш жинап, бар ынтамызды салып, «Старко» командасын жеңуге тырысамыз. Сондықтан, менің айтатыным, алматылықтар, қош келдіңіздер, келіңіздер