Танымал блогер жұмбақ жағдайда көз жұмды - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал блогер жұмбақ жағдайда көз жұмды

Танымал блогер жұмбақ жағдайда көз жұмды

Блогер әрі вайнер Мұрат Бірмағамбетов көз жұмды.
Бұл туралы "Диапазон" басылымының Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 28 Қараша 2022
  • 579
Фото - Caravan.kz


Мұрат Бірмағамбетов әлеуметтік желі қолданушыларына Марс Откатович және Мура Мариарчи лақап атымен танымал.

Айта кетейік, 19 қарашада жоғалған ақтөбелік Мұрат Бірмағамбетовті бүкіл жергілікті жұрт қаладан шарқ ұрып іздеген еді. Блогер үйінен шыққаннан кейін қайта оралмаған. Ал 27 қараша күні марқұмның денесі табылғаны жайлы жантүршігерлік хабар тараған. Оның өлімінің себебі туралы әзірге ешқандай ақпарат айтылмады.

Естеріңізге сала кетсек, Мұрат Бірмағамбетов көзі тірісінде нағыз әмбебап азамат және өз елінің патриоты екенін көрсетті. Ол — блогер, вайнер, волонтер әрі Ақтөбе құрамасы КВН командасының бұрынғы капитаны болған. Сондай-ақ Мұрат қайырымдылық іс-шаралардың басы-қасында жүрген жігіт. Ол ақтөбелік қыз-жігіттермен бірге "100 дос" атты жобаны құрып, мұқтаж жандарға жәрдемдескен еді. Марқұмның артында жұбайы және қос қызы қалды.

Соңғы жаңалықтар