Киев тұрғыны қала басшысының бір қолымен ұялы телефонын ұстап, ал бір қолымен көлікті алдынан итеріп қозғап жатқанын түсіріп алыпты.
Оқиға куәгерінің айтуынша, көлікті қозғау үшін қала басшысына бір қолының да күші жеткілікті болыпты.
“Владимир Кличко көшелерді дұрыс қойылмаған көліктерден тазалап жүр. Оның күшті болғаны соншалық телефонмен сөйлесіп тұрып та көліктерді қозғай алады”, – дейді ролик авторы.