Танысу сайттары. Желідегі жігіттерді қалай жіктейді? - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танысу сайттары. Желідегі жігіттерді қалай жіктейді?

Танысу сайттары. Желідегі жігіттерді қалай жіктейді?

Интернет заманауи көпшілік орынға айналды. Елдің бәрі осында танысып жатады. Танысу сайттары жетіп артылады. Бірақ таныстық нысанаға дөп түсіп жата ма?

  • 29 Қаңтар 2014
  • 4952
Фото - Caravan.kz

Нәзікжандылардың көбісі жаңа танысқан жігіттерді өздігінше жіктейді. Сіз өз таныстарыңызды қандай санатқа жатқызар едіңіз?

Өзгешелік іздеген отағасы

Онымен шынайы араласу  мүмкін емес. Отбасылық күйбеңге бөккен ол тек төсектік қарым-қатынас іздейді. Оны анықтау аса қиын емес. Ондайлар әдетте аса байқалмайтын, яки бұлыңғыр сурет салады. Екіншіден, кешке таман және демалыс күндері шырақпен іздеп таппайсыз. Үйдегі телефон нөмірін бермейді. Кездесулерді оқшау жерлерге белгілейді. Үйіне шақырмайды. Оның барлығына түрлі себептері дайын. Егер осы айтылғанның барлығы бір адамның бойында болса, онда ол үйленген адам екеніне шүбәланбай-ақ қойсаңыз болады.

Тәпелтек қарынбай

Сырлы да нәзік хаттар жазады. Ол хаттарды оқыған әйелдің басы айналады. Ал, шын мәнінде ол тым семіз, немесе бойы бір тұтам, әлде беті безеуден ұсқынсыз. Тіпті бет әлпеті тәуір болған күнде басқа да кемшіліктері жетіп артылады. Ыстық ықыласқа толы махаббат хаттарына сеніп керек емес. Виртуалды романдар арқылы өз құнын өзіне арттырғысы келеді. Ал, егерде қарым-қатынасты өмірде жалғастырғысы келсе, оның соңы көп жағдайда өкінішпен аяқталады. Осы уақытқа дейін кіммен сөйлесіп келгеніңізді көрген сәтте дереу қашып кетесіз.

Жұмысбасты кәсіпкер

Бұл санатқа топ-менеджерлер, өз ісін дөңгелететін адамдар, ақ жағалы шенеуніктер жатады. Бұл жігіттердің табысы мол. Түр әлпеті келіскен. Айналасындағы қыз-қырқын оларды тек табыс көзі деп қарастырады. Олар үнемі бос бола бермейді. Гүл сыйлап, сізді қыдыртуға қолы тимейді. Сондықтан әкетіп бара жатқан романтиканы күтпеңіз. Әр нәрсені іскерлік көзқараспен шешіп үйренген. Әрине, арасында театр, мейрамхана, киноға шақыруы мүмкін. Бірақ талабы да зор болады. Сіз сұлу, көзі ашық, оқыған, жайдары мінезді болуыңыз керек. Талапқа сай келсеңіз, тек алға!

Демеуші іздеген Альфонс

Ол бірден бай әйел іздеп жүргенін жасырмайды. Ашық түрде айтпаса да, өзін қанатының астына алар жақсы адам кездесуін күтіп жүргенін білдіртеді. Профилін жартылай жалаңаш суреттермен толтырып тастайды. «Тауарды» бағаласын дейтін болса керек. Жасы қырыққа жетпейді. Жағдайы туралы анкетасынан ештеңе таппассыз.

Сүр бойдақ

Ол өте ақылды, табысты, әрі сымбатты болуы мүмкін. Жас күнінде ажырасқан, немесе мүлде үйленбеген жігіт. Ұзақ жылдар бойы жалғыздыққа бой үйреткен. Танысу сайттарынан өзіне қызықты, ерекше әдемі қыздарды іздейді. Бірақ қарым-қатынасты жалғастыруға құлық танытпайды. Іштей идеал күтеді. Міншілдігі сонша, ешбір қызды ұнатпайды. Болмаса әрбірінен бір кемшілік табады. Ол қыздарға бірнеше жыл қатарынан бой үйретіп, сынауы мүмкін. Мұндай адамға күйеуге шығу тым қиын.


Желінің тұрғыны

Бұл санатта бағдарлама жасаушы, жүйе әкімшісі, ақын, сазгер, т.б. болуы мүмкін. Оларды виртуалды өмірден шығару мүмкін емес. Арасында тіпті үйленгендері де болуы кәдік. Әйеліне қызметшісіндей қарайды. Киімін тазалап, тәтті тамақ пісіріп беруші ретінде ғана. Сіз де сол әйелдің орнын басып қалуыңызға болады. Егер тамағыңыз онікінен тәттірек, қылығыңыз ұнаған болса. Бары сол ғана.

Жаны жаралы жан

Сүйіктісінен айырылған жігіт. Зор трагедия. Әлі де жүрегі қан жылайды. Танысу бұрышынан кімді іздейтінін анық білмейді. Бір жағынан жан жарасын түсінетін, салмақты қызды керек етсе, екінші жағынан жүрегім тағы қиналар деп қорқақтайды. Сондықтан еш ескертпестен жоқ болып кетеді. Сосын аяқ астынан табыла қояды.

Беймаза-мейірман

Тезірек жұбын тауып, көп бала сүйгісі келеді. Отбасы, ошақ қасы туралы көп армандайды. Шаруаға икемді әйел іздейді. Жарының бойынан өзіне маңызды құндылықтарға деген ұнамды мінездерді көргісі келеді. Азамат емес, арман дерсіз! Бір ғана кемшілігі бар: ол беймаза әрі іш пыстырарлық адам.

Көндіккен бейбақ

Өзі туралы тым төмен ойлайды. Қарапайым адамдар санатынанмын деп есептейді. Профильге де сол туралы жазады. Әкетіп бара жатқан жетістігі, я кемшілігі жоқ. Соңғы кездері оларды «лузер» деп атау әдетке айналып келеді. Қарым-қатынаста тым жабысқақ келеді. Жолы болмайтын бейбақтарға тән бір әдеті сол.

Сексті көп ойлайтын адам

Оның профилі ашық-шашық суреттерге толы. Тіпті тыр жалаңаш суреттер де кездеседі. Анкетасында нені қалайтынын тізіп жазады. Алғаш хат алмасқаннан тек төсек туралы сөйлеседі. Онымен жақын танысу күтпеген жағдайларға ұрындыруы да мүмкін.

Менмен ханзада

Шамамен 30 бен 40 арасындағы жігіт. Ажырасқан болуы мүмкін. Өзі туралы тым жоғары ойлайды. Өзін әр әйелге тосын сый деп қарастырса да таң қалмаңыз. Шынында да абыройлы жақтары көп. Бірақ соның барлығын әйел заты мойындауы керек деп есептейді. Өзімшіл. Әйелдердің мәселесін шешуге бейілді емес. Оны ұнататындар қарасы тым көп. Солардың арасынан ең тәуірін таңдайды. Оның талабына сай келсеңіз, бұл қарым-қатынас ұзаққа созылары анық. 

Дайындаған: Шынар Әбілдә