Танысына сыйлаған етіктен жасырылған 1 млн. теңге шыққан - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танысына сыйлаған етіктен жасырылған 1 млн. теңге шыққан

Танысына сыйлаған етіктен жасырылған 1 млн. теңге шыққан

Жітіқара аудандық сотында қызықты оқиға қаралды. Шағымданушы - Қостанай облысы Жітіқара қаласының тұрғыны танысына сыйлаған етікте 1 миллион теңге жасырылғанын айтқан. 

  • 4 Ақпан 2014
  • 327
Фото - Caravan.kz

Бұл ақша аяқ киімді бергеннен соң 1 күн өткеннен кейін ғана есіне түсіпті.

Жітіқара аудандық сотының сайтында жазылғандай, етік шағымданушының келініне арналған екен. Ол етікпен бірге сыртқы киімін де берген көрінеді.

Ақшасын қайтара алмаған азаматша тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген. Нәтижесінде қаржының шынымен сонда болғаны анықталған. Алайда олжаны тапқандар оны жұмсап та үлгерген екен. Тергеуші қылмыстық іс қозғаудан бас тартқандықтан, ақшаның иесі сот арқылы өзіне тиесілі қаражатты қайтармақ болған.

«Сот отырысында жауапкерлер мұны мойындады,  деп жазылды сайтта. «Нәтижесінде сот шағымданушының пайдасына үкім шығарды».