Тапа-тал түсте Республика алаңында жол-көлік апаты орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тапа-тал түсте Республика алаңында жол-көлік апаты орын алды

Тапа-тал түсте Республика алаңында жол-көлік апаты орын алды

Бүгін, 3 сәуірде сағат 11.15 шамасында Алматы қаласындағы Республика алаңында "Nissan Armada" көлігі Алмалы сауда орталығының жанындағы екі бағанды құлатып,  дуалға соғылды. 

  • 3 Сәуiр 2015
  • 1482
Фото - Caravan.kz

Джип көлігінің жүргізушісі тежегішке ие бола алмаған сыңайлы. Көліктің қандай жылдамдықпен жүргені анықталуда.

Белгілі болғандай, джип екі бағанды құлатып, дуалға барып соғылған.   

Жол-көлік апаты болған жерге жол полициясы келіп жетті. Оқиғаның себеп-салдары анықталуда. Сол жерде болған куәгерлердің айтуынша, жол көлік апатынан ешкім зардап шекпеген сыңайлы.