Жарияланды: 480

Тараз металлургия зауытында ферроқорытпалар өндірісін жаңғырту жобасы аяқталды

9 маусымда Тараз қаласында жаңартылған Тараз металлургия зауыты іске қосылды,

деп хабарлайды «Қазақстан даму банкі» АҚ Сыртқы байланыстар департаменті. Бұл жобаға демеу көрсеткен жалғыз қаржы институты - «Қазақстан даму банкі» АҚ. Өндірісті модернизациялау қосымша құны жоғары жаңа өнімдерді шығару мақсатымен шикізатты жан-жақты өңдеп, экспортқа бағытталған өндірісті дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ресейлік және еуропалық кәсіпорындардың тарапынан зауыттың өнімдерін сатып алуға нақты тапсырыстар бар. Тараз металлургия зауытың жаңғырту жұмыстары Қарқынды индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында іске асып отыр. Зауыт жылына 100 мың тонна ферросиликомарганец өндіре алады.Зауытты ары қарай дамыту үшін айына 21 мың тонна марганец концентратын жеткізіп тұру қажет, яғни, зауыттың жаңаруы бірқатар марганец кеніштерінің өркендеуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар, жаңа өндірістің іске қосылуы Қарағанды, Павлодар және Тараз қалаларының бірқатар кәсіпорындарын тапсырыстармен қамтамасыз етеді. ТМЗ модернизациясына 11,6 миллиард теңге жұмсалды. ҚДБ қаржыландыруының арқасында Тараз металлургиялық зауытында ресей, украин және отандық құрылғылар орнатылып, ферроқорытпаларды өндеудің жаңа технологиялары енгізіліді. Зауыттың дамуының арқасында, жұмысшыларының саны 1320 адамға дейін артты, алдағы уақытта зауыт қызметкерлерінің саны 1570-ке жетеді. Болашақта табыстың бір бөлігі білікті мамандарды дайындауға жұмсалады деп жоспарланып отыр. Ауаны зиянды қоспалармен ластамау үшін зауытта құны 200 миллион теңге болатын газ тазалағыш құрылғы салу жоспарланып отыр. Бұл жоба зиянды қоспалардағы қатты қалдықтардың 97% (органикалық емес шаң, марганец оксидтері, алюминий оксидтері) тазартады. Аталған құрылғы ауаға кететін неорганикалық шаң қалдықтарын жылына 257,52 тоннаға, марганец оксидін жылына 15, 84 тоннаға, алюминий оксидін жылына 14, 48 тоннаға кемітуге жағдай жасайды. Аймақтағы ауыр экологиялық ахуалды ескерсек, аталған жоба экологияның нашарлығынан пайда болатын аурулар санын азайтады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін