Тараз түбіндегі жарылыс: өрт сөндіруге аттанған бірнеше қызметкер жоғалып кетті, өлгендер саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараз түбіндегі жарылыс: өрт сөндіруге аттанған бірнеше қызметкер жоғалып кетті, өлгендер саны артты

Тараз түбіндегі жарылыс: өрт сөндіруге аттанған бірнеше қызметкер жоғалып кетті, өлгендер саны артты

Инженерлік оқ-дәрі сақталған қоймадағы жарылыстан бес әскери қызметші қаза болды

  • 27 Тамыз 2021
  • 400
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасындағы жарылыс кезінде жоғалған бірнеше қызметкер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

"Байланысқа шықпаған бірнеше қызметкерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", — деді төтенше жағдай министрі Юрий Ильин брифингте.

Бұған дейін ТЖ министрлігі жарылыс пен өрт салдарынан 90-ға жуық адам зардап шеккенін хабарлады. Оның 49-ы – ТЖ департаментінің қызметкерлері.

Сондай-ақ қорғаныс министрлігі қоймадағы жарылыстан бес әскери қызметші қаза болғанын мәлімдеді.


Қазіргі уақытта ауруханада 28 адам жатыр. Олардың барлығы дерлік әскери бөлімнің қызметшілері. Медициналық көмек көрсету шараларына Тараз гарнизонының әскери госпиталі де тартылды.

Тараз маңындағы апат

26 тамыз кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, артынша жарылысқа ұласты. Анықталғандай, қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталған.

Жақын маңдағы елді мекен тұрғындары Тараз қаласына эвакуацияланды.