20 жастағы бойжеткенді үйленемін деп алдап, кейін құлдыққа сатып жіберген Тараз тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz.
Астана қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының 33 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Күдікті 20 жастағы қызды алдап, құлдыққа сату үшін Астанаға өзімен бірге ертіп әкелген. Бойжеткен Алматы облысының тұрғыны екен.
Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оған үйленбекші болған әрі анасымен таныстыруға уәде берген. Осылайша қызды алдап, Астанаға әкеліп, А.есімді азаматқа 50 мың теңгеге сатып жіберген. Күдіктіні ұстау кезінде ақша да тәркіленді.
Белгілі болғандай, бойжеткен күдіктімен Алматы қаласында танысқан.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы бойынша (адам саудасы) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Күдікті қылмысын мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.