Жарияланды: 370

Тараз жұрты 1 жыл бұрынғы қанды оқиғаны еске алды

Тараз жұрты бір жыл бұрынғы қанды оқиғаны еске алып жатыр. Былтыр қарашада бүкіл қаланы дүрліктірген лаңкес Мақсат Қариев жеті адамды жер жастандырған болатын. Бүгін мұқым ел сол атыста оққа ұшқан 5 полицей мен 2 тұрғынды еске алып, ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

Қызмет бабында қаза болған полицейлерді еске алу шарасына келген қарашаның қарасы қалың. Марқұмдардың туыстары мен әріптестері, қала тұрғындары облыстық Ішкі Істер департаменті алдына жиналды. Көпшілік сол қанды қырғында ерлікпен қаза болған Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бүкіл Таразды дүрліктірген лаңкес көше ортасында өз-өзін жармақ болғанда оны құшақтай құлап, арам пиғылын іске асыруға мүмкіндік бермей өзі де көз жұмған осы полиция капитаны болатын. Батыр ерлігі ескерусіз қалған жоқ. Марқұм Ғазиз Байтасовқа бірден «Халық қаһарманы» атағы берілді. Қара жамылған басқа да отбасылар бір-бір пәтермен қамтылып, материалдық көмек берілген болатын.

Гүлзат Шіркеева, Ғ. Байтасовтың анасы:

- Ғазиз ержүрек, еш уақытта сөзін екі қайталамайтын. Бір айтқаннан түсінетін. Айтпасаң да қабағыңнан түсінетін. Сіз не айтатыңызды мен біліп тұрмын дейтін. Ақ адал жүрегімен кетіп отыр ғой. Мыңдаған халықты қорғаймын, елді қорғаймын деп, әйеліне, баласына да қарай алмай кетті ғой.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін