Таразда адамдар тірідей жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда  адамдар  тірідей  жанып кетті

Таразда адамдар тірідей жанып кетті

Таразда екі адам тілсіз жаудың құрбаны болды. 58 жастағы азамат пен белгісіз әйелдің жанып кеткен денесі «Қазқайқармет» компаниясы ғимаратынан табылған.

  • 11 Наурыз 2014
  • 198
Фото - Caravan.kz


Өрт темір қабылдайтын мекеменің жұмысшылар демалатын бөлмесінде таңғы сегіздер шамасында тұтаныпты. Құтқарушылар жалынмен жарты сағаттай арпалысып, әрең дегенде өшірген. Әзірге өрттің шығу себептері анықталған жоқ. Жанып кеткен ер адамның мәйтін тану қиындық тудырып отыр. Дегенмен марқұм осы мекеменің қызметкері болғаны расталыпты. Ал, денесі күлге айналған келіншектің кім екенін белгісіз.