Таразда ауған соғысы ардагерлеріне қойылған мүсін мазаққа айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда ауған соғысы ардагерлеріне қойылған мүсін мазаққа айналды

Таразда ауған соғысы ардагерлеріне қойылған мүсін мазаққа айналды

Мазаққа айналған мүсін! Таразда ауған ардагерлеріне қойылған ескерткіш төңірегінде дау туды. Майдангерлер монументке қыруар қаржы жұмсалса да, қолөнерші сапасыз жасаған деп айыптауда. Сондықтан оны мүлдем бұзуды талап етті. Автордың еңбегін әріптестері де өткір сынға алып отыр.

  • 26 Ақпан 2014
  • 372
Фото - Caravan.kz

Бұл ескерткіш Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына орай тұрғызылған. Ардагерлер 4 млн теңге жұмсалған мүсіннің сапасы «сын көтермейді» деп дабыл қағуда. Монументтің бастапқы кескіні майдангерлерді қанағаттандырып, қолына қару ұстаған жас сарбаздың бейнесі сомдалуы тиіс болған. Бірақ, қолөнер шеберінің еңбегін көргенде тапсырыс берушілер жағасын ұстапты.  

-Мынау бастауыш сынып балаларына істеген автоматқа ұқсайды. Не мынау, бұл ертең темір қабылдайтын жерге кетеді. Жұлып алады. 

-Биікті 4 метр, салмағы 2 тонна болатын түсініксіз ескерткішті майдангерлер бұзып тастауды талап етуде. Мұндай мазақ мүсіннің барынан жоғы деп отыр. Сондай ақ, бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын анықтау үшін пракуратураға шағым түсірмек.

Керім Ізбасаров, Ауған соғысының ардагері:

-Мына ескерткішті не алып тастасын, не есі дұрысын қойсын. Халық ұялмай келетін, гүл қойып тағзым ететіндей болсын. Болмаса түгел алып тастасын.

Мамандар да ескерткішке екі деген баға берді. Осылайша мүсін авторы Темірхан Көлжігіттің еңбегін әріптестері де өткір сынға алып отыр. Тіпті, монументтің байқауы жасырын өткен деп, билікті айыптауда.  


Айдархан Әшімханов, мүсінші:

-Мына жерден бастап пропорцияларлың бәрі қате. Қол ұзындығында қателіктер бар, мынау ауылда ағаштан жасап ойнаушы едік қой, автомат, сол секілді болып қалған. Мынау, сынып тұр, көрдіңіздер ме. Осыған ардагерлердің реніші бар.

Ескерткішке әкімдіктен бақыр тиын бөлінбеген. Демек байқауда ұйымдастырылмай, комиссияның қарауынан да өтпейді. Мұны шенділер де, сәулетшінің өзі де растап отыр. Автордың айтуынша, ол мырзалық жасап, ардагерлеріне мүсінді тегін тұрғызып беріпті.

Темірхан Көлжігіт, мүсін авторы:

-Сапасы өзім ойлайым ойдағыдай, өйткені ауған ардагерлерінің өздері келісіп, эскизді, міне ұнатып осыны «жаса» деді. Мыспен қапталып шықты. Не деп айтып жүргендерін түсінбедім, суретшілер емес олардың көбісі, пединституттың педагогтары ғой.  Кәсіби суретшілер олар басқалар.

Сыншылардың пікіріне пысқырып та қарамаған шебердің 4 млн теңгенің ескерткішін «тегін жасадым» дегені күмән тудырады. Ал, монументке млн теңгенің материалын жұмсаған. Мәрттігіне разы болған ардагерлер, батасын да беріпті. Ал, арты осындай дауға ұласып кеткенін өзі де түсінбейтін түр танытты.