Таразда базарды жармақ болғандар сотта жауап беруде - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда базарды жармақ болғандар сотта жауап беруде

Таразда базарды жармақ болғандар сотта жауап беруде

Таразда базарды жарып жібермек болғандарға қатысты сот  басталды. Айыпталушы ретінде 5 адам жауапқа тартылып жатыр.

  • 10 Ақпан 2015
  • 202
Фото - Caravan.kz

Былтыр Конституция күнінде шаһардағы ең үлкен «Ауыл-Береке» базарында жойқын жарылыс бола жаздаған еді. Жеңіл көлікті газ балондары мен бензин құйылған құтыға толтырған біреулер оны сауда орталығы маңында өртеп жіберген. Абырой болғанда бұл қастандықты сондағы тәртіп сақшысы көріп қалып өрт дер кезінде ауыздықталды. Ал базар әкімшілігі бұған «лаңкестік» деген баға берді. Тіпті, бәсекелес әріптестерін де айыптап үлгерген. Дегенмен бұл шындыққа жанасатын да сыңайлы. Себебі ұсталған 5 күдіктінің екеуі «Орталық базардың» қызметкерлері болып шықты.