Таразда мектеп директоры үстінен шағым айтқан ұстаздарға Ақордаға баруға кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда  мектеп директоры үстінен шағым айтқан ұстаздарға Ақордаға баруға кеңес берді

Таразда мектеп директоры үстінен шағым айтқан ұстаздарға Ақордаға баруға кеңес берді

Мектепті меншігіндей көреді! Таразда ұстаздар басшыларына осылай қарсы шықты. Айтуларынша, былтыр қарашада келген директор күн көрсетуді қойған. Шыдамдары төрт айға жеткен мұғалімдер бүгін ақыры Елмира Өмірбекованың қызметтен кетуін талап етті. Ал шуға себеп болған директор мұғалімдерінің талабын тыңдаған да жоқ. Қайта арыз айтқандарды бірден Ақордаға баруға кеңес берді.

  • 8 Наурыз 2014
  • 1689
Фото - Caravan.kz

№25 мектепке жаңа директор келгелі ұстаздардың басына қара бұлт үйірілген. Мұғалімдердің айтуынша, ол жаңа команда жинау үшін бұрынғы мамандарды шетінен қудалап жатыр екен.   

Тамара Атшаманова, мұғалім:

-Келгеннен мені босату болды ол кісінің ойы. Осы менің орным керек болды. Мен математика пәнінің мұғалімімін. Себеп маған жыны келеді екен. Ал мен оған не істедім сонша?

Қара тізімге 30 жыл қызмет қылған ұстаздарда ілігіп отыр. Сара Көшербаеваның сөзінше, соңғы үш жылдың өзінде 9 директор ауысыпты. «Бірақ мұндай басшыны бірінші рет көрдім. Білім ошағын жеке меншігіндей көріп, айтқанына жүрмегендерді артынан шам алып түседі» дейді.

Сара Көшербаева, мұғалім:

-Мені ұжымның алдында өткен жиналыста, арыз жаз да кете бер дейді, сонда мен 30 жыл бойы ойнадым ба мектепте?! 

 «Басы ауырып, балдыры сыздаған» мұғалімдерге емделуге мұрша жоқ. Үш рет сырқаттанған ұзтаздың бірін жұмыстан босатып жіберіпті. Басшының осындай бассыздығынан шаршағандардың шыдамы бүгін шегіне жетті. 


-Кетсін,кетсін!!

Көп ұзамай шуға себеп болған директордың да өзі төбе көрсетті. Бірақ қарамағындағылардың талабын тыңдайтын ыңғай танытқан жоқ.Қайта арыз айтқандарды бірден Астанаға сілтеді.

-Барыңыз, барыңыз, Елбасы сендерді «қарсы алайын» деп отыр. Керемет «қарсы алайын» деп отыр.  

Ал, өзіне тағылған айыпты мойындамаған Елмира Өмірбекова, шу шығарған мұғалімдерді сауатсыздар деп салды. 

Елмира Өмірбекова, мектеп директоры:

-Мына кісінің сабағына  кірдім, сабағы нөл. Нөл. Бұл кісілер керемет екен, осы уақытқа дейін неге ҰБТ, басқа жақтан көрсеткіш көрсетпейді. Қайда көрсеткіш? Маған беріңіздер сапалы білім, қашып жүресіздер қашан көрсеңіздер.

-Әскери тәртіпті жаны сүйетін басшы енді білім ошағын біліксіз мамандардан «тазартамын» деп білек сыбанып отыр. Ал, бүгінгі даудан кейін тараптар татуласады дегенге сену қиын. Мектептегі психологиялық ахуал шарықтау шегіне жеткен. Зардабан оқушылар тартпаса болғаны.