Әзірге соңғы монтаждау жұмыстары жүргізілуде, жаңа жылдық шыршаға әшекейлер ілініп үлгерілмеген.
Облыстық полициядан "ИФ-Қазақстанға" хабарлағандай, шыршаның өртенуіне себеп болған кінәлі адам табылған сыңайлы.
Үш метрлік пластикалық шырша өткен жұмада кешке бірнеше минуттың ішінде өртеніп кеткен. Көргендердің айтуынша, ол бір әйел ұшырып тұрған қытайлық петарданың әсерінен өртенген болу керек. Шырша өртенген бойда ол көлігіне отырып, оқиға болған орыннан кетіп қалған.