Таразда Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші бой көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші бой көтерді

Таразда Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші бой көтерді

Тараз қаласы күніне орай Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта халық қаһарманы Қ.Рысқұлбековтың ескерткіші бой көтерді.

  • 29 Қазан 2018
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.

Ескерткіштің ашылу рәсімінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, драматург Елен Әлімжан, «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мұрат Бердалиев, Қайрат Рысқұлбековтың әпкесі Гүлнар Рысқұлбекова сөз сөйлеп, халық батырының Тәуелсіздік жолындағы ерлігі ел жадында мәңгі сақталатыны сөзсіз екенін айтты.

Жамбыл облысы әкімінің бастамасым Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақты қайта жаңғырту жұмыстары 1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғасына қатысушыларға деген құрмет көрсету және Тәуелсіздік жолын өскелең ұрпаққа жеткізе отырып, олардың Отанға деген патриоттық сезімдерін күшейту мақсатында қолға алынған болатын.

Саябақта бірқатар жаңа нысандар салынып, ескіргендеріне жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Саябақтың эскиздік жобасы «Табыс Жоба» ЖШС тарапынан әзірленген. Жобаның жалпы сметалық құны – 403,9 млн теңгені құрайды. Жалпы аумағы – 6,5 га. Саябақтың бұрынғы жобасында Қ.Рысқұлбековтың тек бюсті ғана болған. Оның орнына халық батырының толық ескерткіші орнатылды (постаменттің биіктігі – 2,2 м; ескерткіштің биіктігі – 2,8м).


Соңғы жаңалықтар