Жарияланды: 340

Таразда сауда жасайтын әйел базарды көшіруге қарсылық ретінде онда жарылғыш зат қойылды деген жалған мәлімет таратқан

Таразда орталық базарда бомба қойылды деп хабар берген әйел ұсталды. «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық полицияның баспасөз хатшысы Гаухар Сәрсенбаева мәлімдегендей, қаскөй әйел дүйсенбі күні полицияға ұялы телефоннан қоңырау шалып, базар жарылуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Дабыл бойынша ол жерге тәртіп сақшылары келеді. Олар базар аумағын мұқият тексеріп, ешқандай жарылғыш зат таппайды. Іздеу шаралары барысында ІІД-нің экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Байзақ ауданында тұратын 1973 жылғы әйелді ұстаған. Одан қоңырау шалынған телефон мен сим-карта тәркіленді. Ұсталған әйел мұндай әрекетімен өзі тауар таратушы болып істейтін орталық базардың көшірілуіне қарсылық танытпақ болғанын мойындаған. Жалған террорист уақытша қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін