Таразда сотталғандардың туыстары түрмеге басып кірмек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда сотталғандардың туыстары түрмеге басып кірмек болды

Таразда сотталғандардың туыстары түрмеге басып кірмек болды

Түрме алдындағы текетірес! Таразда қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жатқандардың жақындары шу шығарды. Айтуларынша, түрме қызметкерлері сотталғандары соққыға жығып, әбден қорлаған. Оны өздерінен телефон арқылы естіпті. Суыт хабардан соң дереу абақтының алдына жиналғандар туыстарымен жолықтыруды талап етті.   

  • 21 Қазан 2015
  • 280
Фото - Caravan.kz

-Менің күйеуімнің мүлдем денсаулығы жоқ. Көзбе –көз көрсетіңіздерші. Көрейк, аман-есен бе, денесінде жарақаты бар шығар?Білмейміз ғой.

Алайда бірде-біреуінің талап-тілегі орындалмады. Шулағандардың сөздерін түрме басшысы мен прокурорлардың да тыңдағысы жоқ. Ақпараттың жалған екеніне ешкім сенбеді. Тіпті «ауыр жараланған жазасын өтеушілерді көлікпен сыртқа тасып жатыр» деп, іштен шыққан әр машина қараумен болды. Техниканың да жолын бөгеп тұрып алды. Белігілі болғаны колонияда жоспарлы тінту жұмыстары жүрген екен. Әдетте, тексеріске қарсы болған қылмыскерлер осылайша туыстарына жалған ақпарат таратып, дүрбелең шығаратыны бар. Бірақ наразылық жиыны ұзаққа созылмады. Тәртіпке бағынбай, аса белсенділік танытқандарды полицейлер көліктеріне күштеп салып әкетті.   

-Итерме мені! 

Соңғы жаңалықтар