Таразда жаңа ірі көкөніс қоймасы пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда жаңа ірі көкөніс қоймасы пайда болды

Таразда жаңа ірі көкөніс қоймасы пайда болды

«Тараз» ӘКК ҰК» АҚ сыйымдылығы  5,8 мың тонна өнімді құрайтын көкөніс қоймасының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асырды.  

  • 9 Ақпан 2015
  • 350
Фото - Caravan.kz

Бұл облыс орталығындағы төртінші көкөніс қоймасы. Қолданыстағы үш қоймаға 25 мың тонна өнім сыяды. Жаңа жобаның құны шамамен 540 млн. теңге.

ҮИИД бағдарламасы аясында Таразда салынып жатқан көкөніс қоймасын 2011 жылдың соңында қолданысқа беру жоспарланған. Алайда белгілі себептермен «Сервисно-заготовительный центр — Туркестан» мердігер — компаниясы жобаны уақытында жүзеге асыра алмады.

Жобаға тапсырыс беруші «Тараз» ӘКК ҰК» АҚ ақпаратынша, климатты бақылау жүйесімен жарақтандырылған алты орын кез келген жеміс не көкөністі, ет және сүт өнімдерін сақтауға арналған.  Көкөніс қоймасы тиісті инфрақұрылыммен жабдықталған.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, аймақтағы жалпы сыйымдылығы  59 тоннаны құрайтын 60 көкөніс қоймасы сұраныстың  87% қамтиды. Жамбыл облысының кей аудандарында (Мойынқұм, Талас, Рысқұлов) көкөніс қоймасы жоқ.


2744377 2744377 2744377 2744377