Таразда жастар мінген темір тұлпар жүк көлігінің астына кіріп кетіп 5 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда жастар мінген темір тұлпар жүк көлігінің астына кіріп кетіп 5 адам қаза тапты

Таразда жастар мінген темір тұлпар жүк көлігінің астына кіріп кетіп 5 адам қаза тапты

Жамбыл облысында ірі жол апаты болды. Мерседес пен жүк көлігінің соқтығысуынан бес адам жан тапсырды. Арасында бір жасқа толмаған бүлдіршін де бар.

  • 8 Тамыз 2013
  • 345
Фото - Caravan.kz


Қайғылы жағдай Тараз-Сарыкемер тас жолы бойында орын алған. «Мерседес» пен «Газ-53» көлігі бетпе-бет соғылыпты. Оқиға орында жеңіл машинаның жүргізушісі мен ондағы 4 жолаушы қаза тапты. Бақилық болғандардың барлығы өрімдей жастар. Арасында бір жасқа толмаған сәби де бар. Тағы бір жолаушы мен жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға түскен. Соңғысының жағдайы ауыр, ес-түссіз жансақтау бөлімінде жатыр. Алғашқы болжам бойынша апатқа «Газ-53»-ті басқарған азамат кінәлі деп танылған. Ол тізгінге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетіпті.