«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, бірінші топтағы көзі көрмейтіндерге, ауған соғысы ардагерлеріне, Тараз бен Жамбыл облысының құрметті азаматтарына арналған жеңілдіктер сақталады. Оқушы-студенттер үшін де жеңілдіктер қарастырылған : студенттерге — 30 теңге, оқушыларға — 15 теңге», — деді Б. Орынбеков.
Оның айтуынша, тарифтерді көтеру жөніндегі өтініштердің негізділігі жан-жақты тексерілген. Тексерулер қорытындысы қазіргі баға қаладағы барлық 63 бағыт бойынша тасымалдаушылардың шығындарын өтемейтіндігін көрсеткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті