Төтенше оқиға кеше Астана уақытымен 17.18 болған. «Тараз — Сабиха (Түркия) бағытында ұшқан «ДЕТ-Эйр» (Қазақстан) әуекомпаниясының Ил-62 ұшағы бірінші қозғалтқыштың істен шығуының салдарынан майдың қысымы түсіп кетуіне байланысты апаттық жағдайда қонған»,- деп айтылған баспасөз қызметінің жұмада таратқан хабарламасында.
«Аптатық қону сәтті өтті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,- деп атап өтті төтенше жағдайлар министрлігіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті