Тарбағатай ауданында бір отар қойды қасқыр қырып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тарбағатай ауданында бір отар қойды қасқыр қырып кетті

Тарбағатай ауданында бір отар қойды қасқыр қырып кетті

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында бір отар қойға қасқыр шапты, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен. 

  • 15 Шiлде 2015
  • 641
Фото - Caravan.kz


Жыртқыштар Ақжар ауылынан 20 шақырым жерде «Ұлар» шаруа қожалығының қойларын қырып кеткен.

13-ші шілдеден 14 шілдеге қараған түні 123 қойға қасқыр тигені анықталды. Олардың 20-сы қырылып қалған болса, 53-ін қасқыр тартып кеткен. Тағы 50 қойдың жоғалғаны белгілі болды. Тарбағатай аудандық ІІБ қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.