Тәрбие беру жұмысы жаңа жүйенің негізгі шарты болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәрбие беру жұмысы жаңа жүйенің негізгі шарты болмақ

Тәрбие беру жұмысы жаңа жүйенің негізгі шарты болмақ

Министрлік оқушының шашын қиып, маңдайына екілік бағасын жазып берген мұғалімнің ісі туралы жақсы біледі. Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат берген ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.

  • 10 Қазан 2013
  • 528
Фото - Caravan.kz


Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Бауман орта мектебінде жұмыс істейтін алгебра пәнінің мұғалімі Қымбат Әсемжанова 7-сынып оқушысы Олжас Тілегеннің кекілін қиып тастап, «2» деген бағаны күнделігіне емес, қақ маңдайына жазып берген. Сыныптастарының алдында мазаққа қалған оқушы ауыл сыртындағы орманға қашып кетіп, жұртты біраз әбігерге салған. Бүгінде осы оқиғаға қатысты тиісті шаралар қабылданып, мектеп директоры жұмыстан шығарылды. Педагогикалық этиканы бұзған оқытушы да қызметінен босатылды. «Біз ол оқиға жайында хабардармыз. Бұл жағдайды есепке алдық. Негізі, осы орайда оқытушылардың біліктілігін арттыру мәселесі туындайды. Бұл жерде олардың тек пәндік дайындығын ғана емес, тәрбие беруші педагог ретіндегі шеберлігін де шыңдау қажет. Жалпы, дәл осы тәрбие беру жұмысы жүйені (білім беру жүйесі — авт.) жаңартудың басты шарты болмақ. Сондықтан педагогтар сол талаптарға сай болуы тиіс», — деп атап көрсетті А.Сәрінжіпов.