Любовь Шмидт:
-Тұрақты баспанамыз болмағандықтан қызым екеуіміз екі күнге танысымның үйінде тұруға келіскенбіз. Азанда азық-түлік алуға дүкенге шығып кетіп, қызымды үйде қалдырып кеткенмін. Қайтып келсем Наташа жоқ. Олар уайымдама, жақын танысымыздың үйіндегі балалармен ойнауға кетті деді. Мен бейқам отыра бердім.
Сол бейқам отырғаннан 5 күн бойы қызын іздемеген. Құжатымыз болмаған соң аналық құқымнан айыруы мүмкін деп тәртіп сақшыларына хабар беруге қорықтым дейді. Кейін келіншекпен кездейсоқ кездескен мектеп директоры, қызына телеарна арқылы іздеу салынғанын естірткен екен. Дегенмен күйеуі қайтып, өзі жұмыссыз жүрген келіншек қызының туу туралы куәлігін әзірлемейінше оны бейімдеу орталығынан ала алмайды.