“Тасты 5 минут құшақтасаңыз дертіңізден құлан таза айығасыз”: Қара таспен емдейтін емші пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Тасты 5 минут құшақтасаңыз дертіңізден құлан таза айығасыз”: Қара таспен емдейтін емші пайда болды

“Тасты 5 минут құшақтасаңыз дертіңізден құлан таза айығасыз”: Қара таспен емдейтін емші пайда болды

Емші тас туралы естіп пе едіңіз? Алматы облысының тұрғыны кәдімгі қара таспен адам емдейді екен. Қасиетті тасты 5 минут құшақтасаңыз, кез-келген дертіңізден құлан таза айығасыз дейді сиқырлы тастың иесі.

  • 2 Қараша 2020
  • 364
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Астарлы ақиқат"  бағдарламасына Гүлсара Исаева есімді таспен емдейтін емші келді. "Тасты құшақтасаңыз болғаны бойыңызда қандай ауру болса сол аурудан жазыласыз"— дейді. 

Қара таспен емделіп жүргендер де бар екен " Ұстаған кезде бойымда ток жүрді, ауырған жерім қойған сияқты болды"-дейді бағдарламаға келген қонақтардың бірі.


Алайда оған сенбейтіндер де жетерлік, "қара тас адамды қалай емдейді? Осындай алаяқтарға қаншама халық алданып жатыр. Бұларды құрту керек- — дейді қоғам белсенділері. 

Дегенмен тастың қасиетін жоққа шығара алмайсыз деген пікірлер де шығып жатыр.

Тастан да терапияның болуы мүмкін бе? Сіз қалай ойлайсыз?