Тәуелсіздік күні қалай тойланды? - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіздік күні қалай тойланды?

Тәуелсіздік күні қалай тойланды?

Дербестігімізге 22 жыл! Бүгін Қазақ елі өзінің басты ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күнін атап өтуде. Ата-бабамызға ғасырлар бойы арман болған азаттықтың таңы 1991 жылдың 16 желтоқсанында атқан еді. Содан бері құмға сіңген судай, соққан желдей 22 жылда зырғып өте шықты. Бағындырған белес те, болашақта алатын қамалда алда.

  • 17 Желтоқсан 2013
  • 1025
Фото - Caravan.kz

-Бүгін Астана құттықтау қабылдап үлгермей жатыр. Осы сағатқа дейін Ақордаға Ресей, Тәжікстан, президенттерінен жеделхат келіп түсті. Ал АҚШ өзгелерден дараланды. Обаманың өзі болмаса да, осындағы елшілігі құттықтауды қазақ тілінде жолдапты.

Ордвей, АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі:

-Америка құрама штаттары Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекеттердің бірі болып табылады. АҚШ Қазақстанның адал досы сенімді әріптесі болып қала бермек. Әр ртбасыға аманды шаттық тілеймін.

Бірақ құттықтау қабылдап жатқан бас шаһарда мүлгіген тыныштық. Бұл «Қазақ елі» монументі. Тұғырға қондырылған көк тудың желбіреген үні ғана естіледі. Әншейінде, басқа атаулы датада думандатып жататын қалалық әкімдіктің жанындағы алаң да бос. Тек кеште әншілер 3 сағат далада ән салады, сосын түнде отшашу атылмақ. Елорданың тым-тырыс жатуына себеп жоқ емес секілді. Өйткені бүгін Елбасының қатысуымен ешқандай ресми іс-шаралар жоспарланбаған. Ал президент ұлық меркемен халықты ертерек  құттықтап, егемен елдің жетістіктерін жіпке тізіп берген еді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

22 жыл бұрын біз Мәңгілік Ел болудың бірегей қадамын жасадық. Дүйім дүниеге тәуелсіздігімізді жария еттік. Бұл – ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жеткен аса қасиетті күн. Бұл – ұрпақтарымыз ұлы елдің ұланы, азат елдің ақиығы атануына жол ашылған қастерлі күн. Бұл – тілімізді жаңғыртып, дінімізді қайтарған, тарихымызды түгендеп, тағдырымызды таңдаған ұлы күн. Тәуелсіздік – тәуекелі жеткендердің ғана пешенесіне бұйыратын бақыт. Бүгін Мәңгілік Еліміздің жаңа ғасырдағы жаңғыру жолы –  «Қазақстан 2050» стратегиясы дүниеге келген күн.  


Ал
керекуліктер астаналықтар секілді тым-тырыс жатқан жоқ. Ақ түтек боран соғады деген Павлодарда тәуелсіздіктің жиырма екінші таңында күн райы күлімдеп шықты. Жаймашуақ күнде ұйымдастырылған концерт салт аттылардың шеруімен басталды. Салтанатты саптың алдына шыққан сауытты «Алтын Адам» көшпенділердің рухын сездіріп, жұртқа мерекелік көңіл-күй сыйлаған.

Еркін Кеңесбаев, Павлодар қаласының тұрғыны:

-«Осы әдейілеп тұрып баламмен келдім көрсетейін деп. Егемендік, тыныштық болсын, отанымыз аман болсын, бәрі де жақсы болсын»

Қарағандының шенеуніктері биылғы мерекені қаладан тысқары жатқан Сұрыптау стансасындағы мәдениет сарайында өткізді. Жиылған көрермен әйтеуір тегін концерт тыңдап қайтты.

-Көк тудың желбірегені

Жаныма қуат береді.

Ал дербестік алған күнді шетелдегі қандастарымызда елеусіз қалдырған жоқ. Соның ішінде Түркиядағы қазақтар жарады. Измир қаласында білім алып жатқан қазақстандық студенттер мерекеге орай би билеп, флешмоб өткізген. Теңіздің жағасында ту түстес жейде киіп алған қыз-жігіттер елге деген сағынышын құттықтауын дәл осылай жеткізді.