Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы STAN.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/4 әйелдер түрмесінде болған.
Сәлемдемелерді тексеру кезінде әлдебіреу тыйым салынған Samsung маркалы ұялы телефон мен нөмерді піскен тауықтын (гриль) ішіне жасырып, кіргізбек болғаны анықталды.
"Бұл заттарды Шымкент қаласының тұрғыны А. қамауда отырған әйелге әкелген. Ол өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады",- дейді Шымкент қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің өкілі Жазира Әуесхан.
Оның айтуынша, қазір оған ҚР-ның әкімшілік құқық бұзу кодексінің тиісті бабына сәйкес хаттама толтырылған.