Таяу күндері аптап ыстық басылады - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таяу күндері аптап ыстық басылады - Қазгидромет

Таяу күндері аптап ыстық басылады - Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК 4-6 тамыз күндері Қазақстан аймақтарында ауа температурасының біртіндеп төмендейтіні туралы хабарлап отыр.

  • 3 Тамыз 2015
  • 348
Фото - Caravan.kz

Тамыздың алғашқы күндері Қазақстанның батыс аймағында болған +40…44º ауа температурасы әуелі солтүстік-батыс, содан кейін солтүстік ауа ағындарының әсерінен басылады.

Таяу тәуліктерде республиканың батысы мен солтүстігінде ауа температурасының төмендеуі күтіліп отыр. 6 тамыз күні суық атмосфералық ағынның өтуімен Қазақстанның батыс, солтүстік және орталығының кей жерлерінде жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендей бастайды.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында алдағы тәуліктерде өте қатты ыстық болады, күндіз ауа температурасы +40..43º-қа дейін көтеріледі, бірақ 5-6 тамызда оңтүстік-батыс ағындар солтүстік-батыс ағындарға ауысып, ыстық күн райы біртіндеп басылады. 


Соңғы жаңалықтар