Жарияланды: 430

Тәжік, қырғыз, қазақ саяси сарапшылары ортақ пікірге келді

Орталық Азиядағы соңғы уақытта белең алған діни экстремизммен аймақтағы елдер тізе қосып бірлесе күресу керек. Бүгін Алматыда бас қосқан Тәжікстан, Қырғызстан мен Қазақстанның саяси сарапшылары, дін өкілдері осындай ортақ пікірге тоқтады.

Сала мамандарын бір үстел басына жинаған - Тұңғыш президент қоры. Жиында экстремистердің, жұрт санасын улап, жастарды теріс бағытқа үгіттеп жүрген түрлі секталардың жолын аймақтағы бес ел келісе, бірлесе отырып кесу қажеттілігі айтылды. Отандық сарапшылар конфессияаралық татулық үлгісін алыстан емес, 130 ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстаннан іздеген жөн дейді. Бүгінгі дөңгелек үстелге жиналғандар дін, ұлтаралық қақтығыстардың алдын алуға бағытталған арнайы бағдарлама әзірлеуге келісті.

Бектас Мұхамеджанов, ҚР Тұңғыш президенті қорының атқарушы директоры:

- Жиынның бірінші тақырыбы - Қазақстандағы дінаралық концепциялардың моделін қалыптастыратын Орталық Азия елдерінен келген сарапшыларды көрсетіп, айтып беру. Біздің моделіміз бүкіл әлемде қолданған модель. Оны бәрі мойындап жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін