Тәжікстан астанасында Еуразия экономикалық қауымдастығының 19-шы отырысы өтеді - ҚР Сыртқы істер министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан астанасында Еуразия экономикалық қауымдастығының 19-шы отырысы өтеді - ҚР Сыртқы істер министрлігі

Тәжікстан астанасында Еуразия экономикалық қауымдастығының 19-шы отырысы өтеді - ҚР Сыртқы істер министрлігі

Астана. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында 6-қазанда Еуразия экономикалық қауымдастығының Мемлекетаралық кеңесінің ел басшылары деңгейіндегі 19-шы отырысы өтеді. Бұл туралы сейсенбі күні Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 3 Қазан 2007
  • 1065
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында тараптар күн тәртібіне енгізілген көптеген ауқымды мәселелерді қарастыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Еуразия экономикалық қауымдастық аясындағы кедендік одақтың құқықтық негізін құру туралы, Орта Азияның су энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану концепциясының жобасы жұмыстарының барысы туралы және өзге де мәселелер талқыланатын болады, деп хабарлады Ержан Ашықбаев.

Душанбеде 5 қазан күні ел басшыларының кездесуінің алдында Еуразия экономикалық қауымдастығының Интеграциялық комитетінің кезекті отырысы өтеді.

«Кездесу барысында Еуразия экономикалық қауымдастығы Мемлекетаралық кеңесінің (мемлекет басшылары деңгейінде) 2006 жылдың 16 тамызындағы «Еуразия экономикалық қауымдастығы аясында кедендік одақ құру туралы» шешімін орындау мәселесі, оның ішінде кедендік одақтың құқықтық негізін жасауға қажетті құжаттарды дайындау, сондай-ақ, басқа да көптеген мәселелер талқыланады», — деп хабардар етті Сыртқы істер министрлігінің өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті