Жарияланды: 380

Тәжікстан азаматы Өзбекстанның екі азаматын қамауға алды деп айыпталып отыр

Алматы. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның Соғды облысының Канибадам қаласының тұрғыны заңсыз түрде Өзбекстанның екі азаматын бас бостандықтарынан айырды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Соғды облысының ІІБ хабарлауынша, 33 жастағы жергілікті тұрғын биыл 7 тамыз күні таңертең Канибадам ауылының Равот ауылына келген. Ол жерде Өзбекстан азаматтары - 37 жастағы Хурсанәлі Шерматов пен 30 жастағы Бахадүр Батыров болған. "Оларды өзінің ұялы телефонын ұрлады деп айыптап, күшпен көлікке отырғызып, өз үйіне Чкаловскіге алып кеткен. Ол жерде оларды тауық қораға қамап тастап, кейіннен оларды босату үшін туыстарынан 2 мың АҚШ долларын бопсалай бастаған", - деп хабарлады ІІБ. Жедел-іздестіру шараларының барысында кепілдегілер табылып, босатылды. Ал күдікті қамауға алынды. Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура күдіктіні қамауға алуға санкция берді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть