Тәжікстан мақта талшығының сапасын бағалаудың халықаралық стандарттарына көшті
Душанбе. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан мақта талшығының сапасын бағалаудың халықаралық стандарттарына жататын АҚШ-тың әмбебап стандарттарын қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. |
Азия даму банкінің халықаралық кеңесшілерінің мәліметтеріне сүйенсек, тәжік мақтасын халықаралық стандарттарға сай сатқан кезде "ақ алтынның" әрбір тоннасының бағасы 80 - 82 долларға ұлғайып, нәтижесінде қосымша 12 - 15 млн доллар әкеле алады.
Тәжікстан Ауылшаруашылығы министрлігінің мамандары шетелдік сарапшыларды тарта отырып АҚШ Ауылшаруашылығы департаментінің алты стандартының негізінде мақта талшығының техникалық стандартын жасады. Оларды "Тәжікстандарт" агенттігі бекітіп, мемлекеттік реестрге енгізген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін