Тәжікстан президенті мен "Израиль - Ресей - ТМД" сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы экономикалық мәселелерді талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан президенті мен "Израиль - Ресей - ТМД" сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы экономикалық мәселелерді талқылады

Тәжікстан президенті мен "Израиль - Ресей - ТМД" сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы экономикалық мәселелерді талқылады

Душанбе. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен "Израиль - Ресей - ТМД" сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Леви Леваев экономикалық мәселелерді талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Маусым 2008
  • 369
Фото - Caravan.kz

Хабарламада көрсетілгендей, Э. Рахмон кеше таңертең «Израиль — Ресей — ТМД» сауда-өнеркәсіп палатасының жетекшісі, Дүниежүзіндегі бұқара еврейлері конгресінің төрағасы, ТМД елдерінің еврей қауымдастықтары федерациясының басшысы Леви Леваевты қабылдаған.

Л. Леваевтың айтуынша, Тәжікстан президентімен кездесу барысында экономикалық сипаттағы мәселелер талқыланған. «Менімен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон бизнесменмен сөйлескендей Тәжікстан экономикасына инвестиция салу мүмкіндігі жайында әңгімелесті және мен бұл мәселені қарастыруға дайын екендігімді білдірдім», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті