Тәжікстан президенті Орталық Азия елдерін су ресурстарын бірігіп дамытуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан президенті Орталық Азия елдерін су ресурстарын бірігіп дамытуға шақырды

Орталық Азия халықтарының су ресурстарын бірігіп дамыту саласындағы ынтымақтастығы ортақ экономикалық пайда әкелер еді, ал әркімнің бұл шаруаны жеке жүргізуі керісінше мемлекеттер арасындағы екіжақты қатынастарды шиеленістіріп отыр, деп мәлімдеді сейсенбіде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.
           Бұл туралы Э.Рахмон су саласы бойынша ынтымақтасу жөніндегі жоғары деңгейдегі халықаралық конференцияның ашылуында айтты.
           "Әлемнің көптеген елдерінде шекаралық су ынтымақтастығының әлуетін күшейтуі жағалаудағы бүкіл елдердің үйлесімді әрі бірігіп дамуына ықпал етіп отыр", деді тәжік көшбасшысы.
           Тәжікстан және Қырғызстан Амудария мен Сырдарияның жоғарғы жағында алып гидроэлектростанциялардың құрылысын аяқтауға тырысуда, ал Өзбекстан болса бұған наразы, олардың пікірінше, бұл ГЭС өзбек аграрлық секторының дамуына кедергі жасамақ.
           "Өркениетті ынтымақтастық пен саяс еріктің ғана бұл салада ілгерлеуге көмек беретіндігін біз толық түсінеміз. Тәжікстан әрдайым да ондай ынтымақтастыққа дайын", деді осы орайда Э.Рахмон.
           Тәжік лидерінің ұсынысы бойынша БҰҰ 2003 жылды тұщы су жылы ретінде, 2005-2015 жылдарды "Өмір сүруге керек су" халықаралық он жылдық ретінде жариялаған.
           Душанбеде 20-22 тамыз күндері өтетін конференция жұмысына 900 адам қатысуда, оның ішінде әлемнің 70 елінің өкілдері, БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

  • 20 Тамыз 2013
  • 678
Фото - Caravan.kz