Жарияланды: 320

Тәжікстан президентінің ұшағы Астана әуежайына қонды

Астананың халықаралық әуежайына Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның арнайы ұшағы қонды.

Қазақстан жағынан оны Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов бастаған ресми делегация қарсы алды. 15 маусымда ұйымның құрылғанына он жыл толуына арналған ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті өтеді. Самитте ШЫҰ онжылдық декларациясын қабылдау жоспарланған, онда ШЫҰ аясындағы алдағы бірлескен жұмыстың бағыттары белгіленеді. Сондай-ақ, ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің 2011-2016 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясы мен оны орындау бағдарламасын қабылдау көзделген. Бұған қоса, ШЫҰ-ға мүше-мемлекет статусын алуға өтініш берген мемлекеттің міндеттері туралы меморандумға және ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр. ШЫҰ – 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан басшылары құрған аймақтық халықаралық ұйым.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін