Тәжікстан қажылыққа тек «ақыл тоқтатқан» азаматтарын ғана жіберетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан қажылыққа тек «ақыл тоқтатқан» азаматтарын ғана жіберетін болды

Тәжікстан қажылыққа тек «ақыл тоқтатқан» азаматтарын ғана жіберетін болды

Тәжікстанда 40 жасқа толмаған бірнеше азамат қажылық сапармен Сауд Арабиясына баратындардың тізіміне енбей қалды. 

  • 21 Маусым 2017
  • 262
Фото - Caravan.kz

Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, қажылыққа қырыққа толғандар ғана бара алады. Умра немесе кіші қажылық жасауға жас шектеуі қойылмайды деп жазады centralasian.org.

Дін істері жөніндегі комитет қажылыққа барушылардың жас шектеуі 35-тен 40 жасқа өзгертілгенін растады. Шенеуніктер бұны қарт кісілерге қажылыққа баруына мүмкіндік жасау үшін жасадық деп түсіндірді.

Дегенмен, комитеттің баспасөз хатшысы Афшин Мукимнің хабарлауынша, қажылық сапар жасағысы келгендер саны осы өзгерістен соң әлдеқайда азайған. Жүздеген ақсақал балаларының көмегінсіз сапарға шығудан бас тартқан.


Өткен жылы 6 мың тәжік қажылық жасап келді. Тәжікстанның дін істері жөніндегі комитеті Сауд Арабиясының қажылық квотасын 8 мыңға дейін көбейтуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар