Жарияланды: 390

Тәжікстан шекарашылары мемлекеттік шекараны бұзудың кезекті әрекетінің жолын кесті

Алматы. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан шекара әскерінің әскери қызметкерлері Ауғанстан контрабандашыларының Шуроабад бағытындағы мемлекеттік шекараны бұзып өтуінің кезекті әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Әскери қақтығыс кезінде Ауғанстанның бір азаматы өлтірілді. Қалғандары қараңғылық құшағында шекаралас аумаққа қайта оралды", - деп хабарлады Тәжікстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара әскері бас басқармасының баспасөз орталығының бастығы Хушнуд Рахматуллаев. Оның айтуынша, қолда бар мәліметтерге сүйенсек, контрабандашыларға жетекшілік жасаған Ауғанстан азаматы Наим Валади Назар. Шекара әскерінің өкілінің хабарлауынша, оқиға орнында марихуана салынған 3 қап және апиын салынған 12 пакет табылған. "Алынған есірткінің жалпы салмағы қазір анықталу үстінде", - деп хабарлады Х. Рахматуллаев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть