Тәжікстан жақын арада Әзербайжанда өз елшілігін ашады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан жақын арада Әзербайжанда өз елшілігін ашады

Тәжікстан жақын арада Әзербайжанда өз елшілігін ашады

Баку. 13-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан жақын арада Әзербайжанда өз елшілігін ашады. Бұл туралы осы елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Абдулло Юлдошев Бакуде Әзербайжанның сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяровпен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ӘР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 13 Ақпан 2008
  • 383
Фото - Caravan.kz

«Кездесу барысында А. Юлдошев, Бакуде жақын арада Тәжікстанның елшілігі ашылатындығын және бұл мекеменің басшысы тағайындалып қойғандығын хабарлады. Ол сондай-ақ, «Әзербайжанмен арадағы екіжақты қатынастарды дамытуда экономикалық мүдделіктің ерекше орын алатындығын, бірақ екі ел арасындағы басқа өзара ықпалдастықтар да жоғары деңгейде екендігін атап өтті», деді СІМ.

Э. Мамедьяров екі ел арасындағы екіжақты қатынастардың пәрменділігіне жоғары баға беріп, Бакуде Тәжікстанның елшілігін ашуға, сондай-ақ экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға әзербайжан тарапының кез-келген көмек көрсетуге дайын екендігін тілге тиек етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті