«Барки Точик» акционерлік холдингтік компанияның бас инженерінің орынбасары Рашид Гуловтың хабарлауынша, » Тәжікстанда шағын су электр станцияларын салу жөніндегі сегіз жобаны осы республика үкіметі мен Кувейттің даму қоры бірлесе $11,6 млн көлеміндегі қаржыға жүзеге асыруда. Оның $9,2 млн қор, $2,4 млн — Тәжікстан үкіметі шығарған.
Р. Гуловтың айтуынша, БҰҰ Даму бағдарламасының қаржысының есебінен республиканың таулы аудандарында шағын су электр станцияларын салу жөніндегі тағы да төрт жоба жүзеге асырылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті