Тәжікстанның шекара әскерінің баспасөз орталығының басшысы подполковник Хушнуд Рахматуллаевтың хабарлауынша, аталмыш операцияның басты мақсаты Достастық аумағына заңсыз мигранттардың, лаңкестік топтардың енуінің, қару-жарақтың және есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесу болып табылады.
«Операция кезінде Тәжікстан шекарашылары мемлекеттік шекараны бұзудың 4 оқиғасының жолын кесіп, 3 контрабандашыны жойып, біреуін жаралап, төртеуін тұтқындады», — деп атап көрсетті Х. Рахматуллаев.
Оның айтуынша, операция кезінде сондай-ақ, мемлекеттік шекараны бұзудың 45 оқиғасы анықталып, 61 заң бұзушы қамауға алынып, заңсыз айналымнан 9 кг героин, 102 кг марихуана, 12 кг шикі апиын алынып, контрабандашылардан 16 оқпан, 22 снаряд, 24 жаяу әскерге қарсы мина және әртүрлі калибрдің 10 мың оғы тәркіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті