Тәжікстанда мектеп құрылысына демеушілік көрсеткен кәсіпкерлер салықтан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда мектеп құрылысына демеушілік көрсеткен кәсіпкерлер салықтан босатылды

Тәжікстанда мектеп құрылысына демеушілік көрсеткен кәсіпкерлер салықтан босатылды

Душанбе. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда өз қаражаттары есебінен мектептер мен мектеп сыныптарын салған жеке тұлғалар салықтан босатылды. Тиісті өзгертулер 2007 жылға арналған мемлекеттік бюджетке енгізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Душанбеден.

  • 3 Қазан 2007
  • 494
Фото - Caravan.kz

Дүйсенбі күні парламенттің (маджлиси намояндагон маджлиси оли) төменгі палатасының отырысында заң жобасын ұсына отырып, Тәжікстанның білім министрі Абджаббор Рахмонов мұндай адамдардың саны Тәжікстанда 13 екенін, олардың ақша-қаражаттарына елдің әртүрлі аймақтарында барлығы 2,1 мың оқушыға арналған мектептер мен сыныптар салынғанын жеткізді.

Палата спикері Сайдулло Хайруллоев және коммунистер жетекшісі Шоди Шабдолов жобаны негізінен құп көре отырып, «егер жеке тұлғалар қаражаттарын Білім министрлігіне бұдан ертерек салғанда, Білім министрлігі қазірдің өзінде типтік жобамен мектептер сала бастайтын еді», — деді.

Соған қарамастан, биылғы жылдың бюджетіне ұсынылған түзету депутаттардың көпшілік дауысымен (57 адам қолдаған, 1 адам қарсы) қабылданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті