Жарияланды: 350

Тәжікстанда жеті айда төрт тоннадан астам есірткі айналымнан шығарылды

Алматы. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда ағымдағы жылдың жеті айында 4 тонна 98 килограмм есірткі айналымнан шығарылды, бұл 2007 жылғы тіисті мерзімдегі көрсеткіштен 32% артық, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агентттігіне сілтеме жасап.

Тәжікстан президентінің жанындағы есірткіні бақылау агенттігінің хабарлауынша, тәркіленген есірткінің 1 тонна 266 килограммы - героин, 1,5 тоннасы - шикі апиын, 1 тонна 330 килограммы - канабис. Агенттік қызметкерлері жарты жылда заңсыз айналымға қатысты 60 деректің алдын алып, 1 тонна 61 килограмм есірткілік заттарды тәркіледі, бұл өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 88% артық. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін